Атырауда ескерткіш құлап, бүлдіршін көз жұмды

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалып, ол ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған.

Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді.

2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды, — деп хабарлады құқық қорғау органдары.