Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің ғимаратында қызметтік қарудан жарақат алған полицей аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Мой город» порталының мәліметінше, полиция қызметкері бақылау-өткізу бекетінде абайсызда өз-өзіне оқ атқан деген болжам бар. БҚО Полиция департаментінің өкілдері полицейдің жансақтау бөліміне жеткізілгенін растады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, — деп хабарлады полиция өкілдері.