«Бұл қасіретке алып келуі мүмкін»: Депутат ел аумағында радиоактивті қалдықтар көп екенін айтты

«QASQA JOL» ютуб арнасының бүгінгі қонағы – Парламент Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы  Еділ Жаңбыршин, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Өздеріңіз жақсы білесіз, Қазақстан бұрын радиоактивті қалдықтардың,заттардың, радиолық сынақтардың алаңы болды. Ал оны біз дұрыстап тұрып мемлекет тарапынан реттеуіміз керек. Тек қана Қошқар атаның өзінде 52 млн тонна радиоактивті қалдық жатыр. Ондай қалдықтар біздің көптеген өңірлерімізде бар. Әсіресе мына медицина саласында, өндіріс саласында радиоизотопты пайдаланатын әр түрлі құрылғылар бар. Олардан да қалдықтар шығады. Осылардың бәрін мемлекет реттеу керек, себебі ол адам ағзасына өте қатты әсер етеді және ол онкологиялық аурулардың, адамдардың емделмейтін ауру түрлеріне алып келеді. Бұл қасіретке алып келуі мүмкін», — деді Жаңбыршин.

Кезінде бұл заңның «Атамекен» палатасындағы кәсіпкерлердің кедергісімен өтпей қалғанын айта келе  депутат әрі қарай Үкіметтің жұмысы, ұлттық құндылықтар мен ЛГБТ жайында ой өрбітті.