Қостанайда студент колледжге пышақ алып кірмек болған

Қостанай қаласындағы Жоғары политехникалық колледждің күзетшісі металл іздейтін құралдың көмегімен қалтасына пышақ салып алған студентті ұстады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. 

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақты тәркілеп, 18 жасар студентті полиция басқармасына апарған.

“Анықталғанындай, студент басқа колледжде оқиды, бұл оқу орнына іс-шараға келген. Ол ата-анасына үй шаруашылығында көмектескенін айтып, содан кейін пышақтың сырт киімінде қалғанын, заттың салмағы аз болғандықтан, ол туралы ұмытып кеткенін түсіндірді”,-деп жазады дереккөз.

Сараптама студенттен табылған пышақ суық қаруға жатпайды деген қорытынды шығарған. Дегенмен, студенттің ата-анасына оқиға туралы баяндалған.

Естеріңізге сала кетейік, апта басында Петропавлдағы мектепте тоғызыншы сынып оқушысы сөмкесіне пышақ пен балта салып әкеліп, үш оқушыны жаралаған болатын.

 

Qazaq.today