«Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба»: Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы туралы

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімінде сөзін қорытындылай келе, апат салдарын жоюға атсалысқан әр азаматқа шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

– Баршаңызға мәлім, қазір «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба. Оның түпкі мәні – ұлтты ортақ іске ұйыстырып, елімізді көркейте түсу, халқымыздың жаңа экологиялық сана-сезімін дамыту. Бұған, ең алдымен, өздеріңіз сияқты адал азаматтар ұйытқы болады. Ел мүддесі үшін жасалған еңбек пен ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан бүгінгі марапатты халықтың сіздерге деген зор алғысы деп қабылдаған жөн, – деді Президент.