Фото: https://www.shutterstock.com/
Ranking.kz сайтының мәліметінше Қазақстан армиясы рейтинг бойынша алғашқы отыздыққа да кірмеген. Вьетнамдық әскердің 600 мыңы белсенді әскери қызметшілер, ал 5 миллионы – резервте.
Екінші орында Оңтүстік Корея: 3,6 миллион адам, оның 600 мыңы белсенді әскерилер, 3,1 миллионы – запастағылар.
Ал үшінші орынды Ресей иеленген: 3,3 миллион адамның 1,3 миллионы белсенді әскери қызметкерлер, 2 миллионға жуығы – резервте.
Үндістан (2,6 миллион), Қытай (2,5 миллион), Тайвань (ҚХР) (2,5 миллион), АҚШ (2,1 миллион), Украина (2,1 миллион), Солтүстік Корея (1,9 миллион), Филиппин (1,4 миллион), Пәкістан (1,2 миллион) және Ұлыбритания (1,1 миллион).
GlobalFirepower рейтингі бойынша ең әлсіз армия Люксембург (1 мың адам), Либерия (1,5 мың адам) және Суринамға (2 мың адам) тиесілі.
GlobalFirepower сарапшыларының мәліметінше, үш елде армия жоқ. Олар Ауғанстан, Панама және Исландия. Панама өз армиясын жойып жіберген. Ал Исландия тұрақты армиясы жоқ жалғыз НАТО мүшесі. Ауғанстанда Талибан билікке келгеннен кейін қарулы күштер таратылған.
Бұл ретте Қытай белсенді әскер саны бойынша көш бастап тұр. Бұл елдің тұрақты армиясының көлемі 2 миллионнан асады. Одан кейінгі орында Үндістан, 1,5 миллион адам. Ал үшінші орында АҚШ: 1,3 миллион әскер. Ресей мен Солтүстік Корея әрқайсысы 1,3 миллион белсенді сарбаздан тұратын армиясымен 4 және 5-орындарды иеленеді.
Ең көп белсенді армиясы бар алғашқы он елдің қатарына Украина (900 мың), Пәкістан (654 мың), Иран (610 мың), Оңтүстік Корея (600 мың) және Вьетнам (600 мың) кіреді.
Рейтинг бойынша Қазақстан белсенді армиясының саны бойынша 145 елдің ішінде 46-орында – 110 мың адам, бұл Ресейді қоспағанда Орталық Азия мен ЕАЭО елдерінен жоғары. Осылайша, одан кейін Беларусь 63 мың адамдық армиямен 65-орында, Армения 67-орында (57,5 мың), Өзбекстан 74-орында (48 мың), Түркіменстан 86-орында (36,5 мың), Қырғызстан Литвамен (23 мың) 103-104-орындарды бөліседі, ал Тәжікстан 126-орында (9,5 мың).