Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жыл сайын елімізде 100-ге жуық адам суға батып, көз жұматынын айтты.
«Жыл сайын жүздеген адам суға батып, қаза тауып жатыр. Олардың басым бөлігі жазда болады. Жыл басынан бері 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті», — деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, суға батып кеткендердің 95%-ы тыйым салынған орындарда шомылған. Сондай-ақ өткен жылдармен салыстырғанда, қазір адам өлімі көрсеткіші төмендеген.
«Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылдаған шаралары өзінің нәтижесін көрсетті. 2020 жылдан бері суға кеткен адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды», — деді ол.