Атырауда төрт жасар бала мерт болды

Фото: Pixabay

Атырау қаласында 4 жасар бала тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға бүгін, 14 маусымда болған.

«Бүгін сағат 9:00 шамасында Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан 4 жастағы ұл құлап кетті. Балақай оқиға орнында қайтыс болды», -деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдарын жүргізу жұмыстары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды.