Алматыда тағы да жер сілкінді

Фото: advantour.com

13 маусымда Алматыда сағат 22:25-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқаны анықталды.

Жерасты дүмпуі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген. Қираған ғимараттар жоқ.

Бұған дейін Алматы прокуратурасы жер сілкінгенде сейсмикалық ескерту берілмегені үшін қылмыстық іс қозғаған еді.