Алматыда Көктөбедегі телемұнараға найзағай түскен сәттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Жергілікті фотограф Александр Шаварев Көктөбе тауындағы телемұнараға найзағай түскен сәтті түсіріп үлгерді.
«Көк-Төбе» телемұнарасына найзағай түсті, 13.06.2024», — делінген видео сипаттамасында.
Бүгін Алматы қаласында таңертеңнен қолайсыз ауа райы сақталып, қөла тұрғындары түрлі әсерлерімен бөлісіп жатыр.