Әлемге әйгілі Опра Уинфри ауруханаға түсіп қалды

Фото: © AFP 2024 / Getty Images / Kevin Winter

Америкалық тележүргізуші, 70 жастағы Опра Уинфри асқазаны ауырып ауруханаға түсті. Бұл туралы оның жақын досы журналист Гейл Кинг баяндады, деп хабарлайды Los Angeles Times.  

Кинг сейсенбіде CBS Mornings шоуында Уинфридің жаңалықтар бағдарламасында неге жоқтығын түсіндірді.

Ол Опраға асқазан тұмауына байланысты медициналық көмек қажет болғанын айтты.

«Кеше ол сауығып кететінін айтты. Асқазан тұмауымен ауырып жатыр екен. Бірақ кейін сусыздану салдарынан ауруханаға түсті. Оған дәрі тамызылып жатыр, яғни жағдайы ауыр. Ол сауығып, осының бәрін айтып отырғаным үшін маған ашуланбайды деп үміттенем. Ол үшін бүгін осында сіздермен бірге болу өте маңызды екенін, сол үшін қатты алаңдағанын жеткізгім келеді», — деді досы.