Шешем пәтер жалдап тұрады — Ринат Заитов

Мәжіліс депутаты өз анасының әлі күнге дейін пәтер жағалап жүргенін айтты. Үй кезегінде тұранмен, кезектің алға жылжитын түрі жоқ. Заитовтың анасы амалсыз пәтер жалдауға мәжбүр, деп хабарлайды  Qazaq.today агенттігі.

«Туған апайым мен анам Семейде пәтер жалдап тұрады. Кезек жоғары емес, төмен былай жылжиды. Демалыстың ақшасы түссе осы мәселемен айналысам, пәтердің алғашқы төлеміне көмектесем», -деді депутат.

Ол сондай-ақ, депутаттық сауалдарына сырғытпа жауаптар келетінін, халықтың проблемаларына қатысты сұрақтардың шешімін табудың өте қиын екенін де айтты. Тіптен депутатқа достары, таныстары, туған-туыстары да өкпелі. Өйкені, көмек сұрайтындар көп. Ол өзінен түрлі көмек сұрайтындардан бас тартқанын жасырмады. Заитов депутаттық сайлауға түсер кезде, жолын бөгеп 200 мың доллар ұсынғандар да болған.

Бұл туралы депутат Airan media-ға берген сұхбатында айтты.

«Келіссөз жүргізген өзімнің досым. Сайлауға түспей-ақ қойшы деді. Екінші ұсыныс – «өтпей қалсаң шулатпай-ақ қойшы» деді. Ол әлі Amanat-қа келмей тұрған кезім. Сол жерде әңгімелескен кезде бұл әңгіме ешқайда шықпасыншы деді. Ұсыныс болғанын айтамын, бірақ сіздерді айтпай-ақ қояйын дедім», -деді депутат Airan media-ға берген сұхбатында.