Жұмыртқа сатып алуға шектеу: Әлемде тағы бір вирус тарай бастады

Австралияда құс тұмауына байланысты тауық жұмыртқасын сатып алуға шектеулер енгізілді. Бұл туралы Qazaq.today.

Австралияда құс тұмауының вирусы Викториядағы бес фермадан табылған. Сол себепті елде жұмыртқа сатып алуға шектеулер енгізілді.

Ең ірі супермаркеттердің бірі тапшылық болмас үшін сатып алушыға екі қаптамаға дейін алуға болатын ережелер енгізді. Бүкіл ел бойынша вирустың салдарынан 500 мыңға жуық тауық жойылып, карантиндік аймақтар құрылған.

«Менің ойымша, бұл қорқынышты. Жұмыртқаны жақсы көремін және күніне бір қаптамасын жеймін. Сондықтан супермаркетке кіргенде, әдетте 10 шақтысын сатып аламын. Менің ойымша, қазір бізді шектеуге тырысып жатыр», — дейді жергілікті тұрғын Киран.



Билік қабылданған шаралар профилактикалық сипатқа ие екенін және ұзаққа созылмайтынын атап өтті.