Алматы облысында автобус аударылып, 4 жолаушы қайтыс болды

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.

Алматы облысының ПД мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген.

«Апат салдарынан 4 жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы 2 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ведомство жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, жол ережелерін бұзбауға шақырды.