Фото: Instagram/advokat_oleg_chernov
Баян Алагөзова өзін сынағандарды сотқа бермек. Алайда Алагөзованың нақты кіммен соттасуға шешім қабылдағаны әзірге белгісіз. Кейбір пікір жазушылар бұл продюсердің әлеуметтік жобасын сынаған блогер болуы мүмкін деп болжаған.
«Біздің команда Баян Алагөзованың мүддесін екі іс бойынша қорғайды: қорлау фактісі бойынша және ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау бойынша», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
Продюсер зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға арналған орталық ашып жатқанын хабарлаған еді.
«Баян құқықтық салада әрекет етуге шешім қабылдады, әйтпесе ол жұмыс істемейді. Неліктен? Марк Твен бұл туралы өте керемет айтты: «ешқашан ақымақтармен дауласпаңыз. Сіз олардың тәжірибесімен сізді таң қалдыратын деңгейге түсесіз», -деп жазылған.