Әнші Kalifarniya көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды

Түркістан полицейлері белгілі әнші Фархат Қалиевпен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін профилактика жүргізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Фархат тыңдармандар арасында «Kalifarniya» лақап атымен және «Qar», «Аспан», «Роза» сияқты әндерімен танымал. Өз кезегінде әнші, азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсіліне алданбай, сақ болуға шақырады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік,  Фархат «Харекет» қайырымдылық қорымен бірге «100 күнде — 100 баспана» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға атсалысып жүр. Еліміздің әр өңіріне концерттік бағдарламамен барып, баспанаға мұқтаж отбасыларына үй сыйлауға өз үлесін қосып келеді.