Қызылордада көп мөлшерде дәрі ішкен оқушы ауруханаға түсті

Қызылорда қаласында 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан көп мөлшерде дәрі ішіп, ауруханаға түскен деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған оқиғаға байланысты білім бөлімі төмендегі мәліметті жеткізеді. Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан дәрі ішіп, ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда жағдайы қалыпты, үйіне шығарылды», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық білім бөлімінен.