Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету фактісі бойынша спорт басқармасының қызметкерлерің тергеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Күдікке ілінгендердің қатарында Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлері де бар. Оларға қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
– Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді, – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, агенттік өзге ақпаратты жария етпеді. Әрі олардың кінәсі дәлелденгенше, әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.