Антикор Ұлытау облысы әкімдігі өткізбекші болған концертке тыйым салды

Фото: t.me/ulytau_oblysynyn_akimdigi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Ұлытау облысында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалу фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы құны 150 млн теңгеден асатын музыкалық іс-шараны ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, осы жылдың 17 сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге еліміздің бірқатар өңіріндегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты имидждік және ірі іс-шаралардан бас тартуды тапсырды.

Осыған байланысты Мемлекеттік сатып алуды жүргізу жойылды.