Фото: ФК «Ференцварош»
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Станислав Черчесов бұған дейін Ресей құрамасын басқарған, оған дейін ол Польшаның «Легия», Мәскеу «Динамосы», «Амкар», «Терек» (қазіргі «Ахмат»), «Сочи Жемчужина» және «Спартак» командаларында жұмыс істеген.
«Футбол федерациясының президенті Адлет Барменқұлов «Станислав Черчесовпен келісімге қол қою – қазақ футболындағы жаңа кезең», деп тұжырымдады.