Алматыдағы ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қаладағы ғимараттарды сейсмикалық күшейту туралы айтты деп хабарлайды Qazaq.today KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме беріп. 

Әкім 2021 жылы жаңа сейсмикалық шағынаудан картасы бекітілгенін, онда барлық жарықтар көрсетілгенін жеткізді. Сондай-ақ қала басшысы қазір Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Осы жылдың екінші жартыжылдығында біз қалада жаңа сейсмикалық аудит жүргізуді бастаймыз. Өздеріңіз білетіндей, Алматыда 2020-2021 жылдары жаңа тектоникалық жарықтар пайда болды. Жаңа бас жоспарда барлық қажетті сейсмикалық талаптар, соның ішінде жаңа жарық жерлер ескерілген: Абай даңғылының жоғарғы жағы — 10 балдан жоғары, Абай даңғылынан төменгі жағы — 9 балл шамасында», — деді әкім.

 

Qazaq.today