Құлсарыда тасқынмен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің командирі қаза тапты

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау сержанты жұмыс кезінде көз жұмған. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

29 мамырда Құлсарыда су сору бойынша жедел-құтқару жұмысы кезінде 23 жастағы Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы қаза тапты. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.

«Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз саласының маманы ретінде жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұм өрт сөндірушінің отбасына қолдау мен қажетті көмек беріледі», – деп хабарлады ведомстводан.