Елена Рыбакина кезекті турнирін жеңіспен бастады

Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 85-орында тұрған бельгиялық Гретье Минненмен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы Елена 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 13 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Миннен 3 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 50-ракеткасы, нидерландтық Аранча Рус немесе рейтингіде 232-сатыдағы германиялық Анжелика Кербердің жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде Александр Шевченконың бес сеттік матчта жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.