Қазақстан тағамтану академиясының президенті, белгілі диетолог Төрегелді Шарманов 95 жасында дүниеден өтті. Академикпен қоштасу суреті бар жазбаны ғалымның ұлы Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Qazaq.today сайты.
Асфендияров атындағы медицина университетіндегі әріптестері де академиктің қайтыс болғанын хабарлады.
«Алматы декларациясының Алғашқы медициналық-санитарлық көмегінің әкесі, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы, қазақ медицинасының мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», — делінген хабарламада.
Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижеде бітірген.
1967 жылы «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; 1968 жылы профессор; 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; Ресей Медицина Ғылым Академиясының академигі атақтарын алған.