Экс-министр оқытушы болып қызметке тұрды

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне оқытушы болып жұмысқа тұрды, деп хабарлайды Qazaq.today

Аталған университеттің мәліметінше, бүгінгі күннен бастап Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде дәріс оқитын болады.

«Түрлі ұсыныс бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын», – дейді Аймағамбетов.

Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.

 

Qazaq.today