«Ол нағыз – құтқарушы»: ТЖМ бес жасар баланы аман алып қалған оқушыны марапаттады

Фото: ТЖМ
Астанада төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығына сәйкес адам құтқару кезінде батылдық пен өжеттілік танытқаны үшін №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов марапатталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Мектеп жиналысында Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков Ақан Әкімжановты және оның ата-анасын төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтарды ұсынды.
Астанада мектеп оқушысы 5 жасар баланы құтқарғаны үшін марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
«Ақанның көрсеткен ерлігінің арқасында адам өмірі құтқарылды. Әр бала, әр азамат батылдық пен батырлық таныта отырып, қиын сәтте көмекке келе алатын болса, онда ол нағыз – құтқарушы. Осындай баланы тәрбиелеген ата-анасы мен мектеп ұжымына алғыс білдіреміз», — деп атап өтті қалалық ТЖД бастығы Марат Күлдіков.
Астанада мектеп оқушысы 5 жасар баланы құтқарғаны үшін марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Естеріңізге сала кетейік, ол 20 мамырда Астанадағы көп қабатты үйлердің ауласында жүріп, 4-қабаттағы балкон қоршауында ілініп тұрған балаға көмек көрсетті. Жедел 4-қабатқа көтеріліп 5 жасар баланы құтқарды.