Түркістанда балабақша өртенді

Фото: видеодан кадр

Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Бүгін Сайрам ауданында 70 ш.м. алаңда бір қабатты жекеменшік балабақша шатырының жануы орын алды. Жеті жұмысшы алдын ала эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің арқасында өрт жойылды. Оның шығу себебі анықталуда», — делінген хабарламада.