Құдыққа құлаған бала әкесін көмекке шақырып үлгерген.
«Люкті басып, ол бірден құлап, суға бата бастады, қандай да бір ғажайыппен ол шығып: «әке, көмектес»деп айқайлады. Сол кезде ағасы құдыққа кіріп, оны ұстап , шығарып алды», — деп жазды зардап шеккен баланың туысы.
Ол сондай-ақ қорыққан сәбиге жәрдемдескен базар қызметкерлеріне алғысын білдірді. Өз кезегінде олар құрғақ киім мен аяқ киім беріп, есеңгіреген сәбидің киімін ауыстырып, жылынуға көмектескен. Баланың ата-анасы полицияға арыз жазған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Ескерту жазылды. Мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді»,-деді СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай — ақ, полицейлер қала тұрғындарына облыс орталығының аумағында ашық кәріз құдықтары табылған жағдайда бұл туралы жауапты мемлекеттік органдарға, атап айтқанда Петропавл әкімдігінің iKomek диспетчерлік қызметіне дереу хабарлауды сұрады.