Ақын Мұхтар Шаханов шетелдік жігітке күйеуге тиген қазақ қызына батасын берді. Әйгілі ақын қазақтың қызын жар еткен бразилиялық спортшы Дуглас Пумаға бақыт тілеген, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
«Бүгін жұбайымның үйінде өткен мерекелік кеште мен Қазақстаннан шыққан аңыз ақын, легенда адам Мұхтар Шахановты көрдім. Ол кісімен сұхбаттасу мен үшін үлкен мақтаныш және қуаныш. Маған және менің әйеліме айтқан әрбір тілегіңізге, ниетіңізге алғыс білдіремін. Бұл кездесу мен үшін мақтаныш! Өмірімдегі барлық жақсы күндерім үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын. Аңыз адаммен бір естелік видео болсын. Мұхтар ағаның тілегі мен әзілін видеодан көре аласыздар», — деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.
Еске салсақ, Пума «Naiza» промоушенінде өнер көрсетеді.