Ақтөбеде кафенің қоймасы өртеніп, 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ТЖМ.
Қалада бес қабатты тұрғын үйдің жанындағы кафенің қоймасынан өрт шыққан. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 40 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 5 бала бар. Өрт толық сөндірілді.