Сейсмологтар Алматыдан 280 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 18 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 12:10-да жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды Qazaq.today.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9, магнитудасы MPV 4,6, тереңдігі – 5 шақырым.

Қазақстан аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) жер сілкінісі сезілген жоқ.