Алматыда концерт өткізген Николь Шерзингер сахнаға шығып, арбадағы жігіт үшін ән шырқады

Фото: Видеодан алынған кадр

 16 мамырда Алматыда әлемге белгілі америкалық әнші әрі биші Николь Шерзингердің жеке концертті өтті. Желіде жұлдыздың арбада отырған алматылық жігітті сахнаға шақырып, кейін ән шақырған сәті көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агентті.

Оқырмандар Николь Шерзингердің бұл әрекетіне көңілі толып, толассыз пікірлер жазды.

«Біздің әртістерге де мұны үйрену керек. Қандай керемет, әншінің өз аудиториясын жақсы көретіні білініп тұр», «Батыстың жұлдыздарының бәрі – қарапайым, еш бүкпесіз», «Міне, неткен қарапайымдылық», «Бұл жігіттің жолы болды», «Алматылық сіздерге қызығам», «Өзі қандай көрікті, әдемі, сымбатты және қарапайым. Әншінің жүрегі кең екен!» – деді желі қолданушылары.