Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдан бастап президенттік өкілеттілігін атқарып, 2022 жылдың 20 қарашасында кезектен тыс президент сайлау нәтижесінде 81,31% дауыс жинап, қайта сайланды. Оның ұлықтау рәсімі 26 қараша күні өтті. Мемлекет басшысы ретінде Қазақстанда маңызды саяси, әлеуметтік, экономикалық реформаларды жүзеге асырып, мемлекет пен халықаралық саясатта болып жатқан істерге қатысты маңызды шешімдер қабылдады.
Президенттің атқарған ісі әрдайым шетелдік сарапшылардың назарында. Олар ТМД мемлекеттері басшыларының рейтінгін қоғамдық пікір арқылы анықтап та отырады. Осы ретте Qazaq Today ақпарат агенттігі шетелдік сарапшылардың Мемлекет басшысы жайлы пікірлеріне шолу дайындады.
Президенттің ШЫҰ саммитінде жасаған баяндамасы туралы
ШЫҰ саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған баяндамасына РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті Әлеуметтік ғылымдар және бұқаралық коммуникациялар факультеті деканының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Дарья Осина пікірін білдірді:
«Егер ШЫҰ-на мүше елдердің ірі жобалары бүгінде қалай дамып жатқанын қарастыратын болсақ, Президент Тоқаевтың ШЫҰ бастапқыда аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруды мақсат еткенін атап өтіп, пікірінің дұрыс екендігін көріп отырмыз. Ал бүгінде ШЫҰ елдерінің аумағы арқылы «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағыттарында негізгі логистикалық дәліздер өтеді. Сондай-ақ, бүгінде жаңа қаржылық-экономикалық модельді қалыптастыруға қай елдер жетекшілік еткенін көрейік. Бұл ШЫҰ елдері – Қытай, Ресей, Иран, Үндістан».
Тоқаевтың саммиттегі баяндамасына Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев те пікірін білдірген болатын.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Азияның барлық мәселелерін тізіп шықты және ШЫҰ -ны осы мәселелерді шешуге шақырды. Ол төрағалық етуші елдің президенті ретінде алдағы уақытта ұйымды қайда бағыттайтынын айтты. Яғни, Қазақстан ұйымның әлеуетін нығайту үшін ШЫҰ-на нақты не істеуді ұсынып отыр. Оның жоспары – ұйымға мүше елдердің жаһандық, сонымен қатар макроөңірлік, ұлттық міндеттерін шешу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық даму, экология мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру. Бұл өте қисынды.
Тоқаев «Айдаһардың үш басы» – трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, есірткі тасымалы және киберқылмыспен тек жекелеген елдер ғана күресе алмайтынын түсінеді. Сондықтан ШЫҰ бойынша барлық арналарды бұғаттау керектігін айтты. Жалпы, барлығын ортақ стратегияға ие бола отырып, бірге жасау керек.
Мен ШЫҰ-ға мүше елдердің туристік және мәдени әлеуеті іске асырылмай жатқанымен толық келісемін. Ал Алматы туристер баратын тамаша орын болатынына сенімдімін. Жалпы, Президент нақты стратегиялық міндеттерді шешу үшін барлық елдердің әлеуетін біріктіруге шақырды, менің ойымша, бұл өте дұрыс. Төраға ретінде Қазақстан көп үлес қосады деп ойлаймын. Тоқаевтың мықты саясаткер және өз мақсаттарына жету жолын жақсы біледі. Бұл бәрімізге аян,- деді сарапшы.
Өз кезегінде тарихшы, ресейлік «Восток-Патриотика» қорының тең төрағасы Александр Макушин «Тоқаевтың сауатты мәдени саясаты — қазақ мемлекетінің тұрақтылығын сақтаудың негізі» деп санайды. Сондай-ақ ол:
«Қазақстан Президенті барлығы дұрыс екенін айтты. Үлкен еуразиялық кеңістік әрқашан мәдениеттер симбиозының арқасында әртүрлі халықтардың өзара байып, дамып келе жатқан өрісі болды. Мемлекеттік құрылымның күрделілігі мен жан-жақтылығын түсіне отырып, Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 46 діни конфессия тұратынын еске сала кетейін, ел басшылығы көпұлтты мәдениетті дамытуға баса назар аударады, өйткені, менің ойымша, бұл мүмкіндік береді. Қазақ мемлекеті болашақта бұдан да өркениеттік табыстарға қол жеткізеді».
Америкалық тарихшы, экономист, халықаралық қатынастар және әскери стратегия жөніндегі маман Эдвард Люттвак Қасым-Жомарт Кемелұлына жоғары білімді, еңбекқор, әділ, саясаткер ретіндегі мансаб жолын өзі қалыптастырған саяси тұлға деп баға береді. «Президент Тоқаевты ұлы мәдениетті адамы ретінде құттықтайтындығыма қуаныштымын», — дейді америкалық тарихшы.
Ариэль Коэн, Америкалық саясаттанушы әрі журналист, қауіпсіздік саласындағы халықаралық қатынастар бойынша маман:
«Қазақстанды одан ары дамытуда түбегейлі пайымы бар, елге қажетті мемлекеттіктің барлық мұрасын жете түсінетін көшбасшы басқарып отыр»
Фредерик Старр, АҚШ-тағы Орталық Азия және кавказ институтының негізін қалаушы және төрағасы:
«Президент Тоқаев тиімді мемлекет жайында сөз қозғап, өзісін әділ әрі дұрыс атқарып жатыр. Өте тәжірибелі, тілді жетік біледі және шетелдегі адамдарды таниды. Ол ақылға қонымсыз жобаларға ұмтылмайды, ол стратегиялық ойшыл. Ол өзелінің мүддесін нық қорғайды. Ол Қазақстан егемендігін құрметтейді, бағалайды және қадір тұтады, оның ОРталық Азиядағы өте маңызды рөлін түсінеді. Мемлекет басшысының ұзақ жылдар бойы бақытты, табысты әрі өнімді ел басқаруына тілектеспін».