Фото: видеодан кадр
Ақтөбе қаласында үш жас жігіт футбол ойнаған. Алайда, олар доптың орнына тірі кірпіні теуіп, өз қылықтарына өздері күлген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Олардың аяусыз әрекеттері жергілікті пабликтердің бірінде жариялады. Видео астына пікір қалдырғандар балалардың осыншама жауыздығына қайран қалған, деп жазады Azattyq ruhy.
«Айтарға сөз жоқ, не деген жауыз ұрпақ. Байқұс жәндік әбден қиналды ғой. Жүректері жоқ балалар екен»,- деп жазған желі қолданушылары.
Ақтөбе қаласының полиция департаменті қазір бұл балаларды іздеп жатыр.
«Видеодағы азаматтарды тауып, жазаға тартамыз», — деп жазған Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметі.