Фото: Pixabay
Қазақстанда бензин сатылымы шектеледі. Шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізілмек, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Құн салығын ескере отырып, бензин үшін төмендегідей шекті бағалар белгіленеді.
Шетел азаматтарына АИ-80 бензинінің литрі — 89 теңгеден сатылады, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал АИ-92 және АИ-93-тің литрі — 245 теңгеден. Дизель отынының бір литрі — 315 теңге көлемінде белгіленеді.
Қазақстандық жүргізуші құжаттары барларға АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің литрі — 205 теңге, лимиті күніне 100 литрге дейін.
Ал, дизельдің бір литрі — 295 теңге. Жеңіл көліктерге лимит 100, ал жүк көліктеріне 300 литрге дейін.