Салтанаттың әкесі күйеу баласы Бишімбаевты айуанға теңеді

Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін журналистерге сотқа қатысты ойын атйып, пікір білдірді. Ол өзінің экс-күйеу баласы Қуандық Бишімбаевты айуанға теңеп, оны өмір бақи түрмеге қамайды деп үміттенетінін айтты.

– Күнде өліп, күнде тіріліп жатырмыз. Бүкіл әлем өмір бақи түрмеге қамау керек деп айтып жатыр. Біз қазақпыз. Біз дала заңын құрметтейміз. Мен бұл айуан өмір бақиға сотталады деп үміттенемін, – деді Амангелді Нүкенов.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова экс-министр Қуандық Бишімбаевқа 20-25 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін деп болжайды.