Түркістан ТЖД су басып қалған ауылдар туралы түсініктеме берді

Ведомствоның хабарлауынша, жауын-шашын көп түсуіне және қардың еруіне байланысты 3 аудандағы таулы жерлерде, атап айтқанда Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлғілі, Орангай, Майдантал, Шаға), Ордабасы аудандарында (Шұбарсу, Бадам, Шұбар) қардың қарқынды еруі салдарынан еріген су төмен қарай аққан.

“Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күшімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 2500 бірлік көлемінде қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Майдантал ауылында суды қашырту үшін жасанды каналдар қазып аула учаскелерін су басу қаупінің алдын алды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын облыс аумағында тоқтады. Алайда су әлі ағып жатыр. Суды қашыртуға барлығы 308 адам, 51 бірлік техника, 25 мотопомпа, 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖД: 68 адам, 11 бірлік техника, 20 мотопомпа, 1 жүзу құралы. ЖАО 240 адам, 40 бірлік техника, 5 мотопомпа», — дейді ТЖД бастығының орынбасары Бақытжан Запаров

 

Qazaq.today