Фото: Atyrau_Online
9 мамыр күні Атыраудағы балаларға арналған ойын орталығында жасөспірім қыз биіктен құлап, жарақат алды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі “Atyrau_online” Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ойын кезінде қауіпсіздік арқаны үзіліп кетіп, бала құлап кетті.
Қыздың ата-анасы жедел жәрдем шақырып, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері бұл ойын орталығында осымен екі бала зардап шекті.