Бишімбаевтың қорғаушысы шулы сот аяқталған соң журналистерді сотқа бермек. Оның пікірінше, БАҚ тек біржақты ақпарат таратқан. Ол өзінің алдағы жоспарын ZTB арнасының тілшісіне айтқан, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
«Мұның бәрін БАҚ-тың қалай жариялағанын көрдіңіздер ғой… Өздеріңізге қалай ыңғайлы болса, солай тараттыңыздар. Жарты жылдан бері тек Бишімбаевтар отбасын қаралау жүрді», — деді ол ZTB арнасының тілшісіне.
Құсайынова сотталып жатқан Бишімбаевтың отбасын қаралауға біреулер «тапсырыс» беріп отыр. Қорғаушы сот аяқталған соң журналистермен міндетті түрде соттасатынын жасырмады.
«Қолымда нақты ақпарат болған кезде, мен оны айтамын. Қаралаумен нақты кімнің айналысқанын, Бишімбаевтар отбасына қарсы бүкіл ақпарттық соғыспен айналысқандар туралы. Осы жағдайға байланысты деректер жиналып жатыр. Процесстен кейін міндетті түрде айналысамын», — деді адвокат Құсайынова.
Журналистің «Сотқа бересіз бе?» деген сұрағына , адвокат «міндетті түрде» деп жауап берген.