Фото: Pixabay
Атырауда 73 жастағы зейнеткер апельсинге қақалып, тұншыға бастаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
«Біздің бригада оқи орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде ол есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім болды», — дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.
Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.