Фото: Видеодан алынған кадр
Астанада Бишімбаев ісі бойынша тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр. Айыпталушы Бишімбаевтың қорғаушы Лейла Рамазанова жарыссөзде қорғаушысының Нукенованың азаптауына кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Азаптау дегеніміз — бұл физикалық жағынан әсер етпестен адамның қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлаудың психикалық азабы немесе жүйелі ұрып-соғу. Бишімбаев Нүкенованы ұрды, бірақ жүйелі түрде емес. Өйткені, бұл жерде қысқа уақыт ішінде үш жағдай жүйелі ұрып-соғу болып есептеліп жатыр», — деді Рамазанова.