Атырауда мереке күні жедел жәрдем фельдшерін ұрып-соққан

Фото: NewTimes.kz 

Атырауда мереке күні жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агентті Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Атырау қаласында 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында болған. 20 жастағы тұрғын жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан.

Күдікті анықталып, ұсталды. Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталды.

«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», — делінген ДП хабарламасында.