Елімізде ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі облыста жол жабылды, – деп хабарлайды Qazaq.today.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлімдеді.
1. Ақмола облысы:
1 мамырда сағат 00:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 16-200 шақырымында (Астана қ. — Павлодар облысының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2. Павлодар облысы:
1 мамырда 00:00-де Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы — Шидерті а. учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.