«Жауапсыздық»: Алматы облысында мектеп оқушысы сабақта есінен танып қайтыс болды

Алматы обылсында мектеп оқушысы сабақта есінен танып қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Ата-аналар жауапсыздық танытқан мектеп әкімшілігі мен жедел жәрдем қызметкерлерін кінәлады. Медицина қызметкерлері жап-жақын жақын жерге 40 минут бойы жете алмаған, жылдам келмеген.

Дәрігерлер шақыруға келгенмен, оқушы қызды құтқара алмады. Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, Қошмамбетов атындағы орта мектепте төртінші сынып оқушысы қайтыс болған.

«Сабақ кезінде қыз өзін нашар сезініп, есінен танып қалды. Медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қарашадағы бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының күш-жігеріне қарамастан, оқушы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», -делінген хабарламада.