Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлады деген күдікке ілінді

Фото: t.me/kozachkow

Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат Telegram каналдардың бірінде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексiнің 314-бабы (Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.