Павлодар облысында ірі кәсіпорын мемлекетке 640 млн теңге салық төлеуден жалтарған

Павлодар облысында ірі кәсіпорын мемлекетке 640 млн теңге салық төлеуден жалтарып келген. Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексерістен соң, Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС жоғарыда көрсетілген КТС сомасын бюджетке төледі.

Қазір осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.