Фото: Видеодан алынған кадр
Шымкентте жолға төгілген белгісіз газдан 22 адам уланып, ауруханаға түсті. Олардың барлығы жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігінің тұсынан өткен соң өздерін нашар сезіне бастаған. Жолаушылар бұл техниканың артындағы цистернадан сарғыш түсті, жағымсыз иісі бар сұйықтық ағып тұрғанын байқаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, автокөлікті елді мекен мен жол бойынан аулаққа апарып қойды. Көлік жүргізушісі цистернаның ішінде не барын өзі де білмейтін болып шықты. Кейіннен тексеріс кезінде экологтар ауада амиак, пропан, метан мен көмірсутегі концентрациясының қалыпты мөлшерден жоғары екенін анықтаған. Қазір мамандар сұйықтық алған сынаманы зертханада тексеріп жатыр. Оның не екені сынақ қорытындысынан кейін белгілі болады.
Жалпы 13 науқас жедел жәрдеммен, қалған науқастар өз бетінше келіп көмекке жүгінді. Оның ішінде 9 науқасқа стационарлы ем көрсеттік. Олар үйлеріне , учаскелік амбулатория қарауына жіберілді. Ешқандай қауіп жоқ, — дейді Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.