Салтанаттың ағасы сотта жылап жіберді

Фото: Жоғарғы сот

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың Нүкенованы түсірген бейнелерін көріп шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Видеода экс-министр Қуандық Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкеноваға бұрынғы қарым-қатынасы туралы айтып, балағат сөздер айтқан. Ал Бишімбаев бұл видеоларды түсірмегенін алға тартып, «бұл — монтаж» деп айтты.

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп көз жасына ерік берді.

Бұған дейін сотта Бишімбаевтың ұялы телефоны тексерілгенін жазған едік.