Орал қаласы маңында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілді

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды Qazaq.today басылымы ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

Мысалы күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілсе, қазіргі уақытта олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізуде.