Фото: google.com
Бала тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға кеше кешкілік болған.
«Облыстық жедел жәрдем стансасына 18 сәуір күні сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада 6 минутта жетті. Бала бір жарым жаста. Бас миының жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», — деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметінен.